Ирактың Мосул қаласы содырлардан осы айдың аяғына дейін азат етілуі мүмкін. Мұны елдің қарулы күштері бас штабының жетекшісі мәлімдеді.
Негізі шаһар "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" мемлекеттегі бейресми астанасы саналады. Оны жаудан тазарту шарасы өткен жылдың күзінен бері жүргізіліп келеді.
Қаңтарда қаланың шығысы толығымен үкімет жасағының бақылауына өтті. Батыс аудандары үшін шайқас ақпаннан бері жүріп жатыр. Әскери операция басталғанда Мосулда 6 мыңға жуық экстремист болған. Барлау қызметінің хабарлауынша, қазір олардың саны 300-ге жуықтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу