Мосул лаңкестерден азат етілді

874

Мосул лаңкестерден азат етілді

Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосул қаласының толық азат етілгенін ресми түрде мәлімдеп, шаһарға барып әскерилерді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды khabar.kz.

Ал арнайы жауынгерлік топтар мен жасақтар қаланың тарихи орталығын түгелдей өз бақылауына алып, Тигр өзенінің жағасында елдің туын желбіретті.

Айта кетейік, Ирак әскері лаңкестер 2014 жылы басып алған Мосул қаласын азат ету операциясын өткен жылдың қазан айында бастаған. Алғашқы бірнеше айдың ішінде шаһардың шығыс бөлігін бақылауына алған әскерилер ақпанда қаланың батыс бөлігін азат етуге кірісті. Ресми мәліметтерге қарағанда, әскери қимылдар басталғалы бері Мосулды 1 миллионға жуық тұрғын тастап кеткен. Шаһардың көптеген ауданы қираған үйіндіге айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу