Мосул тұрғындары азық-түлікке жарымай отыр

622

Мосул тұрғындары азық-түлікке жарымай отыр

Ирактың Мосул қаласының батыс аудандарының тұрғындары азық-түлікке жарымай отыр. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы хабарлайды.

Өйткені қарашадан бері өңірге тауар тасымалдау тоқтатылған. Ол аздай, халық сусыз, жарықсыз отыр. Дәрі-дәрімек те таусылуға жақын. Салдарынан алдағы уақытта 300 мың тұрғын өзге елдімекендерге бас сауғалауы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, Мосул – "Ирак және Леванта лаңкестік ұйымының" бейресми астанасы саналады. Қала үшін шайқас былтыр күзден бері жүріп жатыр. Қаңтарда шаһардың шығысы толығымен содырлардан азат етілген. Батыс аудандарын жаудан тазарту шарасы ақпанда басталды. Сол уақыттан бері 180 мың тұрғын үйлерін тастап, басы ауған жаққа босып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу