Иракта Мосул қаласының батыс аудандарын азат ету операциясы басталғалы 1 мың 300 экстремистің көзі жойылды. Олардың қатарында содырлардың командирлері де аз емес.
Айта кетейік, "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" бейресми астанасы Мосул үшін шайқас жүріп жатқалы жарты жылдан асты. Биыл қаңтарда шаһардың шығысы жаудан толық арылды. Қазір батысын азат ету операциясы жалғасып жатыр.
Осы күнге дейін мұндағы аудандардың үштен екі бөлігі үкімет жасағының бақылауына өткен. Соңғы мәліметке жүгінсек, әскерилер лаңкестердің мина жасайтын нысаны мен қару-жарақ сақтайтын жерасты қоймасын күл-талқан еткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу