Иракта әскерилердің бақылауында тұрған Мосул қаласында бірнеше теракт болып, соның салдарынан кемінде 30 адам ажал құшты, деп хабарлайды қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасаған "Интерфакс-АНИ".
Жанкешті жарылғыш зат қойылған үш көлікті жарып жіберген. Олар әскери қызметшілермен қатар, бейбіт тұрғындарды көздеген болып шықты.
Мосулда қаланы ислам мемлекеті содырларынан тазартуды көздеген Ирак әскері мен жасақтар бірлесіп операция жүргізуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу