Мосулда үйінді астынан 61 адамның мәйіті табылды

778

Мосулда үйінді астынан 61 адамның мәйіті табылды

Мосулда қираған ғимараттың үйіндісінің астынан 61 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inform.kz. Тұрғын үй ДАИШ лаңкестік ұйымымен күрес кезінде қираған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ДАИШ содырлары адамдарды ғимараттың жертөлесіне түсуге мәжбүрлеп, үйді "тірі қалқан" ретінде пайдалану мақсатында оны миналап тастаған.

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың жанында тұрған бомба қойылған көлік жарылып, тұрғын үй құлаған. Кей дерекке жүгінсек, ол коалицияның авиасоққысы салдарынан жарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу