Мосулды азат ету қимылдары қаланың солтүстігінде жүріп жатыр

1034

Мосулды азат ету  қимылдары қаланың солтүстігінде жүріп жатыр

Ирак әскері Мосул қаласының солтүстік бөлігіне жетіп, ұрыс қимылдарын Каусият ауданында жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz

Осының алдында үкімет қарулы күштері күрдтердің "Пешмерга" жасағымен бірлесіп, аталған шаһардың солтүстік-шығысынан 2 жаңа майдан алаңын ашқан еді. Қазір қала маңындағы Башик елді мекені билік әскерінің бақылауына өтті.

Айта кетейік, мұнайлы өлке Мосул – көлемі жағынан осы елдегі екінші ірі қала. Мұнда 1 миллион 300 мың адам тұрады. "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" шаһарды 2 жыл бұрын басып алған. Оны азат ету операциясы 17 қазанда басталды. Жергілікті сарбаздарға халықаралық коалицияның әуе күштері қолдау көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу