"Мотивацияның "көкесі": Ақтөбелік ұстаздың әрекеті елді сүйсінтті

903

Ақтөбеде жарыс кезінде оқушыларына ерекше демеу берген мұғалімнің әрекеті көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мотивацияның "көкесі": Ақтөбелік ұстаздың әрекеті елді сүйсінтті Фото: Самат Әбдірахманов оқушысымен

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан әскери киімдегі ер адам арқан тартыс кезінде қолын сермеп, сиқырмен желдің бағытын "өзгерткен" ишара жасап, оқушыларды жігерлендіріп жатқанын көруге болады. Ұстазының қолдауы текке кетпей, оқушылар жеңіске жеткен.

Интернет қолданушылар мұғалімді бұл әрекеті үшін қолдап, "Балалары үшін күшті қолдау ғой!", "Жарайсың!", "Ағай мотиАвиатор", "Мотиватордың "көкесі" болды!" деп мақтап жатыр.

Елдің алғысына бөленген ұстазды іздеп-таптық. Ол - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы 2 мектеп-гимназияның "Алғашқы әскери дайындық" пәнінің мұғалімі Самат Әбдірахманов екен. Желіде "жұлдызға" айналатынын білмепті. Видеоны кім түсіріп,таратқанынан бейхабар.

"Ақтөбеде өткен облыстық "Айбын" әскери-патриоттық жарысында болған жайт. Оған 10-11 сыныптың оқушыларынан бір команда жасақтадық. 15 оқушыммен бардым. Арқан тартыс кезінде балалардың қолындағы жеңістің уысынан шығып бара жатқанына шыдамай, өзімше сөзіммен демеген болатынмын. Өзіме арқанды бірге тартуға болмайды, содан өзімше  рухтандырғаным ғой. Ешқандай сиқыр емес, тек әзілмен жігерліндеріп,  мотивация бергенім ғой", - деп күлді Самат Әбдірахманов. 


Оның ұстаздық өтілі - 12 жыл. Мәртөктік оқушылар арқан тартудан командалық есепте үшінші орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу