Қостанай қаласының соты Евгений Щербакты 4,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Щербак – Донецк Халық Республикасының сарбазы, Широкино мен Дебальцево үшін шайқасына қатысқан, "Моторола" деген лақап атпен белгілі Арсений Павлов қолбасшылық еткен "Спарта" батальонында қызмет еткен. Ол Қазақстан азаматы ретінде, өзге мемлекет территориясындағы қарулы шиеленіске қатысушы ретінде сотталып отыр. Бұл туралы EADaily.com басылымы жариялады.
Еске сала кетсек, Щербак 2014 жылы Донбастағы шайқасқа қатысқан. 2018 жылдың қыркүйегінде ол Петербург қаласында қолға түскен еді. Таксиші қызметінде жүрген кезінде полицейлер тұтқындаған. Бұрын Қазақстанның ҚК 172 бабы бойынша басқа мемлекеттің аумағында әскери әрекеттерге қатысқаны үшін 5-тен 9 жылға дейін сотталатыны туралы жарияланған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: eadaily.com