Мозамбикте су тасқынынан 66 адам қаза тапты

726

Идай тропикалық дауылының жақындауына байланысты елде қауіптіліктің "қызыл" режимі енгізілді.

Мозамбикте су тасқынынан 66 адам қаза тапты

Соңғы бірнеше күн ішінде Мозамбиктің орталық және солтүстік бөліктерінде болған су тасқыны салдарынан 66 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

"Су тасқыны салдарынан 66 адам қаза тапты. Билік толассыз жауын мен бейсенбі немесе жұма күндері елге жетуі ықтимал Идай тропикалық дауылының жақындауына байланысты қауіптіліктің "қызыл" режимін енгізді", – деп мәлімдеді Мозамбик үкіметінің ресми өкілі Ана Комоноа.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат кезінде 6 мыңға жуық үй мен 100 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер алқабын су шайып кеткен, 140 мың адам зардап шекті.

Болған оқиғаға байланысты билік Замбезия және Тете провинцияларында тұрғындарды орналастыруға арналған 16 орталық ашқан. Үкімет су тасқынынан зардап шегу қаупі бар жақын маңдағы аудан тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіруді бұйырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу