"Мобильдік Тележүйелер" (MOEX: MTSS) (МТС) компаниясына тиесілі "Энвижн Груп" жүйелі интеграторы Қазақстандағы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" хабарлайды.
МТС үшін аталған елде бизнесті дамыту тиімді емес, деді "Интерфакске" оператордың өкілі Дмитрий Солодовников. Оның айтуынша, "Энвижн Қазақстан" ЖШС сатылды. Алайда мәміле құны қанша екенін жария етпеді.
Бүгінгі таңда "Энвижн" Ресейден бөлек, тағы үш елде – Беларусьте, Украина мен Чехияда жұмыс істейді. Қазақтандағы "еншілесі" 2009 жылы тіркелген.
МТС "Энвижнды" 2015 жылдың желтоқсанында өзінің негізгі акционерінен қарызын қоса алғанда 15 млрд рубльге сатып алған болатын.
"Энвижн" компаниясының табысы 2015 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда 36,8%, 9 млрд рубльге дейін төмендеген. Таза шығыны 2014 жылы 1,6 млрд рубль болса, 2015 жылы 2,1 млрд рубльге жеткен.