Мүфтият биылғы Ораза кестесін жариялады

100

Рамазан айы 19 ақпанда басталды.

Мүфтият биылғы Ораза кестесін жариялады Фото: muftyat.kz

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.

20 наурыз – ораза айт мерекесі",  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Назарларыңызға Астана мен Алматы қаласына арналған кестелерді ұсынамыз. Қазақстанның басқа қалалары бойынша уақыт кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу