Су тасқыны: ҚМДБ зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

390

Топан судан зардап шеккен өңірлерге қосымша 23 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді. 

Су тасқыны: ҚМДБ зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр Фото: Muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚМДБ "Дін мен дәстүр" бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, Бас мүфти бастаған арнайы топ Қостанай өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен және мүфтият жанындағы "Зекет және қайырымдылық қорының" еріктілердің тобымен арнайы кездесіп, өз насихатын жеткізді.

"Сонымен қатар 300 отбасыға арнайы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері таратылып, Қостанай облыстық орталық мешітінде су тасқынының тезірек беті қайтсын деп арнайы Құран хатым дұғасы жасалды. Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге қажетті заттарды сатып алу үшін облыстарымыздан қосымша 23 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді", - деді спикер.

Оның сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу