Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты үкім айтты

171

Тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты үкім айтты Фото: gov.kz

"Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол", – деп бұйырды.

Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Өйткені Құранда: "Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі" деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр.

Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: "Мәсғудұлының әйелі Зейнеп (Алла оған разы болсын) Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп (кіруге) рұқсат сұрайды. "Уа Алланың Елшісі! Зейнеп кіруге рұқсат сұрап тұр!" –   дегенде, ол: "Қайсы Зейнеп?" – деп сұрайды. "Мәсғудұлының әйелі", –  деп жауап береді.

Ол: "Кірсін" дейді. Сонда оған кіруге рұқсат береді".

–  Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту — харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес, –  деп мәлім етті Шариғат және пәтуа бөлімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу