Мұғалім бірінші сынып оқушыларын ине мен шеге сұғып тәрбиелеген

6755

Оқушылардың ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған. 

Мұғалім бірінші сынып оқушыларын ине мен шеге сұғып тәрбиелеген Фото: Podrobno.uz"

Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолдарын ине және бұрамашегемен шаншыған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Podrobno.uz" порталына сілтеме жасап.

Жанжал Сергелия ауданының №277 мектебінде басталды, онда мұғалімдердің бірі бірінші сынып оқушыларының қолдарын инемен және бұрамашегемен шаншыған.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған.

Мұғаліммен еңбек шарты бұзылды. Сергелия ауданының ІІО қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, Шайхантахур ауданының №167 елордалық мектебінде мұғалімбірінші сынып оқушысын ұрып-соққаны белгілі болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу