"Келесі жылдан бастап үш ауысымда білім беретін мектептерді қоспағанда, барлық білім ордаларын бес күндік жұмыс форматына көшіру туралы шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына да, мұғалімдерге де және барлық қызметкерлерге де қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалуы, балаларының қасында болуы қажет деп санаймыз", – деді министр республикалық тамыз конференциясы барысында.
"Осы орайда, "Бұл жайт еңбек демалысына әсер ете ме?" деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе еңбек демалысына әсер етпейді. Еңбек демалысы 56 күн және өзгеріссіз қала береді", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу