Мұғалімдер әлеуметтік желі арқылы сыйлық алуға қарсы екенін білдіре бастады

3442

Челендж жаңа оқу жылы мен мұғалімдер күні қарсаңында жоспарлы түрде өткізіліп жатыр. Бұл шешім әлеуметтік араздық болмас үшін қабылданған.

Мұғалімдер әлеуметтік желі арқылы сыйлық алуға қарсы екенін білдіре бастады

Ақтөбелік ұстаздарға үндеу тасталды. Олар "Мен сыйлық алмаймын" челенджін қолдап, әлеуметтік желіге, ата-аналарға таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті "Мен сыйлық алмаймын!" үндеуін жариялады. Қазір облыстағы мектеп, балабақшалардың барлығы әлеуметтік желі атқылы ата-аналарға ақша сұрамайтынын, сыйлық алмайтынын жариялап жатыр.

"Жалпы конференция кезінде "Мен сыйлық алмаймын" үндеуі жарияланды. Үндеуді мұғалімдер қолдап, ата-аналардың әлеуметтік желідегі чатына, әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Челенджді бастауға қоғамдық бақылау картасындағы сұрақтар себеп болды. Әлеуметтік желіні қарап отырған кезде жаңа оқу жылында мектепке, мұғалімге ақша жинау туралы арыздар түсті. Көмек беруге біреуінің жағдайы келеді, екіншісі қауқарсыз. Әлеуметтік араздық болмас үшін челендж өткізуге шешім қабылданды",- деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, облыстық департаментінің басқармасы басшысы Ербол Толыбаев.

Айта кетейік, челендж жаңа оқу жылы мен мұғалімдер күні қарсаңында жоспарлы түрде өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мектептер мен балабақшалар әлеуметтік желі арқылы сыйлық алуға қарсы екенін білдіре бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу