Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарын аралағанын мәлімдеген министр: "Зеленый бор ауылдық мектебінде 500-ден астам оқушы білім алады. Бірінші кезекте, педагог-әріптестеріммен әңгімелестім. Биылғы оқу форматы туралы әңгіме барысында мұғалімдер дәстүрлі офлайн форматын қолдайтындарын атап өтті. Балалар мектепке оралған кезде педагогтер ең алдымен білім беру диагностикасын жүргізу, оқу бағдарламаларын бейімдеу және білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр", – деді.
Оның сөзінше, мұғалімдер 45 минуттық сабаққа қайта оралуды оң бағалап отыр.
Қанат Махамбет