Мемлекет басшысы коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкенін, бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерткенін, қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкімет қателіктерге жол бергенін алға тартты.
"Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні "WhatsApp"-тан бас көтермейтін болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.
Қанат Махамбет