Ақтөбеде № 2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 6-сынып оқушыларының ата-аналары арызданды. Олардың айтуынша, мектептен кейін балалар үйге оралмаған.
Мұғалімдер балалардың мектепке электронды темекі әкелгенін білген және олар ата-аналарының жазасынан қорқып, үйлеріне бармаған.
Дереу іздеу топтары ”Zello-Poisk“ командасының еріктілерімен бірге жоғалған балаларды іздеуге кірісті.
Бес сағаттан кейін балаларды орталық базар аймағында ювеналды полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу