Мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді – Ғани Бейсембаев

247

Заңмен рұқсат етілген деңгейде гүл сыйлауға болады. 

Мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді – Ғани Бейсембаев Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жыл тойлауға арналған іс-шараларға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Білім ордаларында жаңа жыл тойлауға арналған іс-шаралар өткізуге рұқсат етіле ме? Сенбіліктер мен шыршаға ақша жинауға бола ма? Мұғалімдерге сыйлық алуға деп ақша жинауға бола ма?" деп сұрады.

"Осыған дейін айтылғандай, мектептерде ешқандай да ақша жиналмауы керек. Басқа шаралар бойынша да осыны үнемі айтып жүрмін, тағы қайталап айтамын. Оған министрліктің бұйрығымен тыйым салынған. Бұл мектеп бітіру кешіне, жаңа жылдық шыршаға да қатысты. Ақша жинамай да кез келген шараны өткізуге болады. Бүгінде барлық шара "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жоспарланған. Мұғалімдерге сыйлық беруге келсек, рұқсат етілген деңгейде гүл сыйлауға болады", – деді Оқу-ағарту министрі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министр мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейтінін баса айтты. 

"Педагогтар ешқандай материалдық сыйақы күтпестен, балаларды оқытады, тәрбиелейді. Сондықтан жекелеген білім беру ұйымдарында мұндайға жол берілген жағдайда тиісті шара қабылдайтын боламыз",  деді Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысы мектептегі сенбіліктер мен жаңа жылдық шырша мерекелерін қаржы жинамай өткізуге болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу