Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі

118

Елімізде 5 қазан – Мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді.  

Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі Фото: freepik.com

Бұл мереке ұстаз еңбегіне құрмет көрсетудің айрықша күні. Мереке қарсаңында ата-аналар мен оқушылар арасында "мұғалімге қандай сыйлық жасауға болады?" деген сауал жиі қойылады. Көпшілік гүл сыйлауды дәстүрге айналдырғанымен, оның да белгілі бір заңдық шектеулері бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, егер сыйлық құны 19 660 теңгеден асып кетсе, бұл заң бұзушылыққа жатады.

"Егер сыйлыққа берілген гүлдің құны 5 АЕК-тен асып, мұғалім сый берушінің пайдасына қарай әрекет етсе, онда мұндай сыйлық Қылмыстық кодекстің 247-бабы ("Заңсыз сыйақы алу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке соқтырады", – делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Ұстаздар күні жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу