Мұғалімдер мен директорлар мәселесі шешілуде

6228

Мектеп директорларының жалақысы санатына байланысты болады.  

Мұғалімдер мен директорлар мәселесі шешілуде

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мұғалімдердің қағазбастылығына және мектеп директорларының жалақысына қатысты мәлімдеме жасады.

"Мұғалімдердің қағаз жұмыстарының тым көп болуы үлкен мәселе. Биылдан бастап сабақ жоспарын қағазға басып шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдадық. Сабақ жоспарының электронды нұсқасы болса жеткілікті. Журнал толтыру проблемасы да бар. Педагогтардың электронды журнал толтыруы аздай, оны қағазға басып шығарып, тігіп, архивте сақтауы қажет. Бұл тәртіпті өзгерттік. Бұдан былай электронды журналдың қағаз нұсқасын жасаудың қажеті жоқ. Электронды нұсқасы болса да жеткілікті", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысы мәселесіне тоқталды.

"Мектеп директорының жалақысы мұғалімнің айлығынан төмен. Бұл да өзекті мәселе. Сол себепті қазіргі кезде директор қызметіне көп орын бос тұр. Өйткені, мектеп басшысының жұмысы нәтижелі болса да, нәтижесі төмен болса да ешқандай айырмашылық жоқ. 200 бала оқитын мектеп пен 1200 бала оқитын мектеп директорының жалақысы бірдей. Ал мұғалімдердің санаттары бар. Санаттарына қарай үстеме ақша алады. Сол себепті біз екі нәрсе жасағымыз келеді. Бірінші, мектеп директорының жалақысы бала санына қарай сараланып төленуі керек. Өйткені 200 бала мен 1200 бала оқитын мектепте жұмыс көлемі мен жүктелетін жауапкершілік әртүрлі. Екінші, егер директорлардың жұмысы нәтижелі болса, санат береміз. Соған сәйкес жалақысына қосымша қаражат алады",  – деді министр

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу