Мұғалімдер өз есебінен біліктілік курстарынан өтпеуге тиіс – Президент

877

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын 5 жылда бір емес, 3 жылда бір рет өткізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мұғалімдер өз есебінен біліктілік курстарынан өтпеуге тиіс – Президент

"Маман еңбек нарығына шыққанда білімнің өзі ескіріп қалуы мүмкін. Министрліктер сол себепті білімді заманға бейімдеуі керек. Бізге білікті педагогтар керек. Біліктілікті арттыру курсын 5 жылда емес, 3 жылда бір рет өткізу керек. Мұғалімдер өз есебінен біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуге тиіс", - деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу