Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің сынып жетекшілігі үшін алатын сомасы қайта қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрден "Мұғалімдер сынып жетекшілігі үшін 10 мың теңге алады. Бұл сома қайта қаралуы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Бұл жалақы емес, тек қосымша ақы. Мен де бұл сома қайта қаралуы қажет деп санаймын. Біз бұл бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Оны қайта қараймыз", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифигте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу