Мұғалімдер ұшақ апатынан анасымен бірге көз жұмған оқушы туралы айтты

694

Кеше Ақтау әуежайы маңында болған ұшақ апатынан 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы Гаухар Жұмағатқызы қаза тапқан еді.

Мұғалімдер ұшақ апатынан анасымен бірге көз жұмған оқушы туралы айтты Фото: stan.kz

Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жаңа ғана әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар – дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу