Мұғалімдерді балағаттаған әйел айыппұл арқалады

1238

Қарағанды қаласындағы мектептің бірінде тәртіп бұзған оқушының анасы білім ордасына келіп, директор мен сынып жетекшісін тілдеп, боқтап кеткен. Мұндай ақпаратты Білім саласында сапаны камтамасыз ету департаменті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұғалімдерді балағаттаған әйел айыппұл арқалады

14 қыркүйекте мектеп оқушысы өзінің достарымен бірге мектептегі дәретханаға "біртүрлі" суреттер ілген. Ілінген суреттер туралы бейнежазба Tik Tok желісіне тарап кеткен екен.

Баланың сынып жетекшісі мен мектеп директоры оның тәртіпсіз қылығы үшін ескерту жасап сөйлескен. Осыдан кейін бала бұл оқиғаны анасына жеткізген. Мектепке жетіп келген оқушының анасы директорды тілдеп, ар-намысына тиетін сөздер айтыпты. Оқушының анасы мұғалімдерге намысына тиетін хабарламалар жіберген. 

Мектеп әкімшілігі Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне ата-ананың мектеп директорын, сынып жетекшісі мен пән мұғалімін қорлап айтқан аудио жазбаларын айғақ ретінде ұсынған.

Мұғалімдерді боқтаған ата-ананы ҚР "Әкімшіліктік құқық бұзушылық" кодексінің 409 бабы 7-6 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 61 257 теңге айыппұл салынған. Жаңадан қабылданған ҚР "Педаогог мәртебесі туралы" заңға орай ұстазға ешкімнің тіл тигізуіне жол берілмейді.

Облыс аумағында "Педагог мәртебесі туралы" заңды бұзудың 6 фактісі тіркеліпті.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу