Мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

527

Италияда оқушылардың мұғалімдеріне зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көбейген. 

Мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады Фото: buckeyeinstitute.org

Енді мектеп оқушылары мұғалімдерді қорласа, айыппұл салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі The Guardian порталына сілтеме жасап.

Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды.

"Мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіреді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады", – деді Білім министрі Джузеппе Вальдитара.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу