Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мұғалімдердің іссапар шығындарына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл семинарлар, конференциялар болуы мүмкін. Мысалы, әдістемелік тұрғыда әртүрлі семинарлар болуы мүмкін. Егер де өтіп жатқан шараларды мемлекеттік мекеме ұйымдастырып жатса, мәселен, әдістемелік орталық, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының өңірлердегі филиалдары, Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып жатса, мұндай шараларға қатысуда іссапар шығындары толығымен жергілікті бюджет есебінен төленеді. Яғни, ол жіберіп жатқан мектептің немесе аудандық, қалалық білім бөлімінің есебінен төленуі тиіс. Төленбеген жағдайлар болып жатса, әрине, біздің комитетке хабарлассын, біз тиісті шара қабылдауға дайынбыз", – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.