Мұғалімдердің кешіктірілген 28 млрд теңге еңбекақысы бір апта ішінде аударылады – Ғани Бейсембаев

609

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұғалімдердің кешіктірілген 28 млрд теңге еңбекақысы бір апта ішінде аударылады – Ғани Бейсембаев

Ғани Бейсембаев маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударғанын, өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленгенін айтты.

Сондай-ақ бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақтылы аударылмағанын атап өтті.

"Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақтылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі – қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр.

Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз", – деді вице-министр.

Министрлік мәліметіне сай, мәселе министрліктің бақылауында тұр. Әкімдіктердің мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу