Мұғалімдердің тестілеу мерзімі 25 сәуірге дейін ұзартылды

590

Шекті балл жинай алмаған мұғалімдер 6-19 шілдеде қайта тегін тест тапсыра алады.

Мұғалімдердің тестілеу мерзімі 25 сәуірге дейін ұзартылды  Фото: yandex.kz

Педагогтердің білімін бағалау мерзімі 25 сәуірге дейін дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жатқан педагогтерге 2023 жылғы 25 сәуірге дейін тестілеуге қосымша орындар ашылғанын хабарлаймыз. Барлық бос орын тіркелу сайтында ұсынылған. Келесі педагогтердің білімін бағалау мерзімі шілде айында жоспарланған", делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі педагогтердің тестілеу мерзімін 15-16, 22-23 сәуір (демалыс) күндерін қоса алғанда 25 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Айта кетейік, бұл өзгеріс тесілеуге қатысуға өтініш берген үміткерлердің көп болуына байланысты енгізіліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу