Мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі

1391

Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1, 2 трлн теңге бөлінеді. 

Мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты. 

"Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың барлығына бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек. Білім саласындағы басты мәселелердің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25%-ға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1, 2 трлн теңге бөлінеді", – деді Президент.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу