Мұғалімдерге экспо билеттері күштеп сатылмайды. Мұндай мәлімдемені Білім және ғылым министрлігі таратты. Ал кей ұстаздар өз қалтасынан ақша шығарып сатып алар болса, ол өз еркіндегі мәселе. Бірақ Білім министрлігі ешкімге еркінен тыс билет алуға күштемейді және еріксіз билет алдырту ісіне қарсымыз деді ведомства басшылығы. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде мұғалімдердің еңбекақысы да толық сақталатынын жеткізді. Өйткені бұған дейін кей өңірлерде ұстаздардың жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілу фактілеріне байланысты шу болған еді.
Зейнеп Мақсұтова Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті директорының орынбасары
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу