Мұғалімді жұмысқа алудың жаңа тәртібі бекітіледі

1072

Мектептегі жемқорлықты жоюдың жаңа жүйесі жасалып жатыр. 

Мұғалімді жұмысқа алудың жаңа тәртібі бекітіледі

Мұғалім немесе мектеп директоры болып орналасу үшін пара сұрау мәселесі кездесетіні қоғамда айтылып жатады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде осы мәселеге ерекше тоқталды.

"Бұл жүйелі проблемалардың бірі. Жасыруға болмайды, мұндай проблема бар. Дегенмен статистикаға қарасақ, қазіргі уақытта бұл мәселе азайып келе жатыр. Мектеп басшылығын жұмысқа алу үшін жаңа жүйе қалыптастырып жатырмыз. Сондықтан, жаңа жүйе бойынша қамқоршылық кеңесі, облыстық басқарма және басқа да құзырлы органдар қатысатын ашық жүйе дайындадық. Менің ойымша, бұл мәселе осылайша шешіледі", – деді БҒМ басшысы.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні заң жүзінде мектеп мұғалімін жұмысқа алудың нақты нормалары бекітілмеген.

"Бүгінгі күнгі мұғалімдерді жұмысқа алу рәсімі ашық емес. Мұғалімнің қызметке орналасуының нормалары, әдістемелері жоқ. Сондықтан мұғалімдерді конкурс бойынша алу және жалпы мұғалімді жұмысқа алу тәртібін бекіту жөніндегі жұмысты бастадық. Ол үшін "Білім туралы" заңға өзгеріс енгізу қажет болады. Бұл өте маңызды мәселе. Заңбұзушылықты болдырмау біздің парызымыз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу