Мұғалімге кәсіби мерекесінде сыйлық жасауға тыйым салына ма?

605

Астана қаласының білім басқармасы бұйрық шығарды.

Мұғалімге кәсіби мерекесінде сыйлық жасауға тыйым салына ма? Фото: google.com

Астана қаласының білім басқармасы білім беру ұйымдарының ата-аналардан сый-сияпат алуына тыйым салатын бұйрық шығарды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының 9-бабына сәйкес, білім беру ұйымдарының басшыларының ата-аналардан жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрал-жабдықтар мен жиһаз сатып алуға, педагогикалық ұжымға сыйлық беруге, білім беру ұйымдарын аттестациялауға, мерекелік іс-шараларға және басқа да мақсаттарға ақша жинауына, сондай-ақ сыйлық қабылдауға үзілді-кесілді тыйым салынсын. Педагогикалық ұжым және ана-аналар комитетінің мүшелері арасында мектеп пен сынып қажеттілігіне, мерекелік іс-шараға заңсыз ақша жинау мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізсін", — деп жазылған бұйрықта.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол берген сынып жетекшілеріне, мұғалімдер мен тәрбиешілерге шара қолдану бұйырылған.

"Білім беру ұйымдары ата-аналардан заңсыз ақша жинауға жол бермеу туралы бұйрық шығарсын және оны ұжымға таныстырсын. Осы бұйрық орындалмаған жағдайда білім мекемелерінің басшыларына лауазымынан босатуға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданылсын", — деп бұйрық шығарды елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу