Ақтөбенің Мұғалжар ауданында алтынды өңдейтін фабрика құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Қазіргі таңда мыс, алтын, мұнай мен газ өндіретін өңір болашақта нарыққа дайын өнім шығарады.
"Облыстағы газдың 80 пайызы, мұнайдың 45 пайызы біздің ауданда өндіріледі. Жалпы елімізде алтын нүктесі санаулы жерде бар. Соның бірегейі Қайыңды елдімекеніне қарасты Алтынды деген жерде орналасқан. Бұрын шикізатты қазба байлығы ретінде тауып экспортқа жіберетін еді. Қазіргі таңда өзіміз өңдейін деп жатырмыз. Оған керекті арнайы үлкен фабрика салынып жатыр", – дейді Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов.
Бір жыл бұрын құрылысы басталған кәіспорын 2020 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.