Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы спирт зауыты қайта іске қосылады. Бұл туралы аудан әкімі Ербол Данағұлов айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Соттың шешімімен лицензиясы алынған кәсіпорынның жұмысы қайтадан жанданады. Спирт өнімдерін шығаратын зауыттың жаңа басшылары алдағы ақпан айында толықтай жұмысқа кіріседі.
"Негізінде сот шешімімен лицензиясы алынған болатын. Қазіргі таңда қайтадан жоғарғы сотқа беріп, соттасып жатырмыз. Пайдасы бар мекеме болғандықтан жабылмауға тиіс. Жұмысшыларымен сөйлесіп, оларды басқа жұмыстармен қамтамасыз етудеміз. 2019 жылдың ақпан айын дейін заводты қайта ашуға басшыларының берген уәдесі бар", – дейді Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов.