Мүгедек адамдарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

1354

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, елімізде жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мың адамнан аз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мүгедек адамдарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

"Біздің елде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері ғана зейнетке ерте шығады. Мүгедектігі бар қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейміз", – дейді мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков. 

Оның айтуынша, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қабылдануға тиіс шаралар мен шешімдер туралы айтқанда Үкімет әдеттегідей: "Бұл – бюджетке қосымша ауыртпалық әкеледі" деп жауап береді. 

"Бұл тәсілге қарсы бірнеше объективті дәлел бар. Біріншіден, Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мың адамнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу