Мүгедек адамды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген азамат ұсталды

990

Полиция қызметкерлері бала сату мен қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу фактісін әшкереледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мүгедек адамды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген азамат ұсталды

"Шілде айында Жамбыл облысының полициясы 30 жастағы әйелдің мәміле жасап, жаңа туған қызын үшінші тұлғаға бергенін анықтады. Қылмыстық кодекстің 35-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Бұдан кейін ол Ақмола облысында 3-топтағы мүгедекті қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген азамат ұсталғанын мәлімдеді. 

"Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны Өскемен қаласынан мүмкіндігі шектеулі 60 жастағы ер адамды алдап алып келіп, орталық базарда қайыр сұраумен айналысуға мәжбүрлеген. Түскен қайыр-садақаны өзіне алып отырған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу