Мүгедек арбасын алу тәртібі жеңілдейді

1018

Әлеуметтік портал арқылы протез-ортопедиялық, гигиеналық, сурдотехникалық құралдардың 24 түріне электронды түрде тапсырыс беруге болады.

Мүгедек арбасын алу тәртібі жеңілдейді

Елімізде 1 қаңтардан бастап іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталын Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың адам қолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Жаңа жүйе оңалту құралдарына мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Олар портал арқылы протез-ортопедиялық, гигиеналық, сурдотехникалық құралдардың 24 түріне электронды түрде тапсырыс бере алады.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, әлеуметтік қызметтер порталын іске қосудағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын жақсарту.

Өңірде 27 мыңға жуық мүгедек бар болса, соның 9 мыңы оңалту құралдарына мұқтаж. Былтыр олардың 5,2 мыңы – 56,7% ғана қамтамасыз етілген. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне қажет дүниелерге мемлекеттік сатып алу арқылы қол жеткізді. Ал оны жүзеге асыру процедуралары ұзаққа созылады. Мәселен, мүгедек арбасын алу үшін 8 айға дейін күтуге тура келеді екен.

"Биылдан бастап елімізде әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңмен енгізіледі. Мүгедектігі бар тұлғалар енді өздеріне қажет оңалту құралдары мен қызметтерді өз қажеттіліктерін ескере отырып бірден жеткізуші компаниядан алады. Порталды іске қосу нәтижесінде құралдардың, қызметтердің сапасы артады, уақыт қысқарады. Бәсеке артып, жемқорлыққа жол берілмейді", - дейді басқарма мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу