Мүгедек бала асырып отырған отбасылар мен көпбалалыларға қосымша 2 мың пәтер беріледі

Алматы қаласында соңғы 3-4 жылда арнайы пәтерлер салынбаған.  

Мүгедек бала асырып отырған отбасылар мен көпбалалыларға қосымша 2 мың пәтер беріледі Фото: Inform.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 

"Менің немерем бірінші топтағы мүгедек. 2012 жылдан бері пәтерге кезекте тұр. Мүгедек балаларды отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы Президентіміздің 2020 жылғы тапсырмасы бар еді", – деді Алатау ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде.

"Шынымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Бірақ пандемия әсерінен Алматы қаласында арнайы пәтерлер соңғы 3-4 жылда салынбаған. Біз енді ешкімді бөлмейміз, ондай балалардың саны көп, бәрі электронды кезекте тұр. Бәрін кезекпен береміз. Сіз сияқты ақсақалдар бар, көпбалалы аналар бар, ешкімді алға шығара алмаймыз. 400 пәтердің жолдарын осы жылдың мамыр айына дейін бітірейін деп жатыр. Одан кейін кілттерді береміз. Сіздің нөмеріңізбен, оның ішінде кіреді деп отырмыз. Мәслихат мені қолдап, осы жылы республикалық бюджеттен 19 млрд 200 млн теңге алдық. Өзіміз қосымша 38 млрд 200 млн ақша бөліп, арнайы осындай 2 мың пәтер жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу