Мүгедек балаларды қорлаған студент "дәрігер" болуға лайық па? – министр пікірі

446

Бүгінгі таңда айыпталушы үй қамақта отыр. 

Мүгедек балаларды қорлаған студент "дәрігер" болуға лайық па? – министр пікірі Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хоспистегі пациенттер мен мүгедек балаларды қорлаған студентке қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Бірқатар БАҚ-та бұл студенттің биыл диплом алатыны жөнінде ақпарат шыққан болатын.

"Барлығы да құқықтық алаң аясында қаралып жатыр, сонымен қатар құқық қорғау органдары айналысуда. Бұл студенттің мәселесі оқу орны жанындағы арнайы комитетте қаралады", - деді ведомство басшысы Үкімет кулуарында.

Тілшілер министрден "Бұл студенттің дәрігер болуға құқығы бар ма?, деп сұрады.

"Менің жеке ойым бойынша әрине жоқ", - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, осыған дейін мүгедектігі бар балаларды қорлаған студент 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу