Мүгедек балалардың заңды өкілі де тегін жол жүреді

975

Мүгедек балалардың заңды өкілі де тегін жол жүреді

Енді автобустарда бұрынғыдай 7 жас емес, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар да тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қалалық мәслихатының шешімімен 4 мамырдан бастап қоғамдық транспорттарда тегін жол жүру билетін пайдаланатын азаматтардың саны көбейеді. Яғни бұрынғыдай 7 жасқа дейінгі мүгедек балалар ғана емес, 18 жасқа дейінгілер де қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұдан басқа, тегін жол жүру билеті мүгедек баланың (заңды өкілі) ата-анасының біріне де берілді. Мұның алдын бұл құқық мүгедек сәбиді алып жүрген кезде ғана рұқсат берілетін.

Ал зейнетақы кітапшасы куәлігін көрсету арқылы тегін жол жүретін санаттағы азаматтар жеңілдікті 1 маусым 2018 жылға дейін пайдалана алады. Содан кейін жеңілдікпен жүретін азаматтар Қажымұқан көшесі, 14 мекенжайдағы орталық кассадан өз атына жазылған транспорт картасын алуы қажет.

Айта кетейік, ақпан айында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесуі барысында бұл мәселені шешуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу