Мүгедек баласы бар аналар зейнетке ерте шығуы керек!

338

Зейнет жасын төмендету керек.

Мүгедек баласы бар аналар зейнетке ерте шығуы керек! Фото: Ашық дереккөзден

Ерекше баласы бар аналар осындай ұсыныс айтып отыр. Өйткені, өз бетімен өмір сүре алмайтын, күндіз-түні күтім қажет баланы есейген кезде қоғамға бейімдеу үшін де көп уақыт қажет екені рас.

Жамбыл облысына барған депутаттарға сол өңірдегі ерекше баласы бар аналар да дәл осындай ұсыныс айтыпты.

"Өз басым осы норманы, жаңашылдықты енгізуді құптаймын. Бұл тек мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналарға ғана байланысты емес, қауіпті өндірісте жұмыс істеп жатқан әйелдерге де қатысты деп ойлаймын. Бір айта кетерлігі, осы мәселе жүйелі түрде шешілуі тиіс. Эмоцияға беріліп, "қазір шешу керек" деп шекті мерзім қоймаған абзал. Кейін кемшілік шықпайтындай, жүйелі жұмыс істейтіндей етіп 7 рет өлшеп, бір рет кесу керек", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова.

Әзірге бұл  айрықша қажеттілігі бар бала өсіріп отырған ат төбеліндей ғана аналардың ұсынысы ғана. Оны депутаттар түгелдей жабылып қолдап кеткен күннің өзінде үкіметтің бірден келісе қоюы екіталай. Шенеуніктер мүгедек балалардың көңілі жарымжан анасына емес, тапшылығы триллионмен есептеліп жатқан бюджеттің шамасына қарайтыны белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу