Мүгедек күйеуін арқалаған әйел 150 шақырым жер жаяу жүрді

520

Олар Харидвардан Мадинагарға дейін жеткен. 

Мүгедек күйеуін арқалаған әйел 150 шақырым жер жаяу жүрді Фото: Times Now

Үндістан тұрғыны мүгедек күйеуі мен екі баласын ертіп, 150 шақырымды жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Шиваға табынушылар үшін Канвар Ятра деп аталатын жыл сайынғы діни рәсім кезінде болған. Аша есімді әйел қасиетті Ганга өзенінен су әкелу үшін күйеуін арқалап шыққан. Күйеуі Сачин былтыр омыртқасына жасалған отадан кейін жүре алмай қалған. Бұған дейін ер адам бұл діни сапарға 13 жыл бойы өзі қатысып келген.

Әйелдің сөзінше, ол мұны күйеуінің тезірек жазылып кетуі үшін жасаған. Оның ерлігі көпшілікті тәнті етіп, әлеуметтік желіні шулатты. Желі қолданушылары бұл нағыз махаббаттың үлгісі деп отыр.

1980 жылдардың соңына дейін Канвар Ятра шағын рәсім болған. Кейін кең көлемде атап өтіліп, Үндістандағы ең ірі діни мерекелердің біріне айналды. 2023-2024 жылдар аралығында діни рәсімде шамамен 30 миллион адам зиярат етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу