Мүгедек жандар заңмен қарастырылмаған салықтарды төлеп келген

1714

Еліміздің салық кодексіне сәйкес, мүгедек азаматтар мүлік, көлік және жер салығынан босатылған. 

Мүгедек жандар заңмен қарастырылмаған салықтарды төлеп келген

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар оларға заңмен қарастырылмаған салықтарды төлеп келген. Мәселен, еліміздің салық кодексіне сәйкес, мүгедек азаматтар мүлік, көлік және жер салығынан босатылған. Алайда, жеңілдіктерге қарамай, салық органдары аталған санаттағы адамдардан төлемдерді заңсыз талап еткен. Осындай заңбұзушылықты қалалық прокуратура қызметкерлері әшкерелеген

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқығы қорғалған. Сондай-ақ, 1200 жарымжан тұрғынның заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу