Мүгедек жандарға және асыраушысынан айырылғандарға 274 млрд теңге төленді

325

30 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды

Мүгедек жандарға және асыраушысынан айырылғандарға 274 млрд теңге төленді Фото: gov.kz

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 244 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 30,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбекминнің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 536,2 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

"Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5% - ға өсті, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша орта есеппен 14,5%-ға индекстелді.

Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 теңгені, 3-топ үшін – 48 681 теңгені құрайды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 92,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 59,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

"Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, олардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің шешімі бойынша 8,5% - ға, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша 14,5% - ға өсті", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 33 454 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 34 423 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу