Мүгедек жасөспірімге қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды

183

Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мүгедек жасөспірімге қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды Фото: pixabay

Бас көлік прокуратурасы хабарлауынша, әуе компаниясы кәмелет жасына толмаған жасөспірімге уақытылы қызмет көрсетпеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың 3 қарашасында СанктПетербургАстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген. Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды", – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қызметті уақтылы көрсетпеуге әуе компаниясы қызметкерлерінің мүгедек арбасының қажеттігі туралы қате хабарламасы себеп болған. 

Осылайша, Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттігі бар жолаушы құқығының бұзылғанын анықтады.

"Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі)", – дейді Бас көлік прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу