Мүгедектер қайырылымдық есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болды

1318

Мүгедектер қайырылымдық есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болды

Жылыой ауданында бизнес компаниясы мүгедек жандар үшін баспана тұрғызады, деп хабарлайды atpress.kz.
Жылыой ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Науаровтың хабарлауынша, жергілікті кәсіпкерлердің "Туған жер" атты II форумы аясында аудан әкімі А. Құттұмұратұлымен "СОС Realty" ЖШС арасында "Жылыой ауданының аз қамтылған отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарды қайырылымдық есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы" меморандумға қол қойылған.

"Бұдан бөлек, "Miras Consalting" ЖШС лас суды тазарту станция құрылысын салып беру туралы келісімге қол қойды. Форум аясында кәсіпкерлермен арада жалпы құны 2,025 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды", - дейді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу