Мүгедектерді әлеуметтік қорғауда қандай жұмыстар атқарылып жатыр

1123

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министрі айтты.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғауда қандай жұмыстар атқарылып жатыр

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министр Мәдина Әбілқасымованың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі күні "Мүгедектікті белгілеу, мүгедектік деңгейін анықтау және әлеуметтік қорғау шараларының қажеттілігін анықтау" қызметін көрсету үшін автоматтандырылған режимдегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда.  Бұл жоба азаматтардың қатысуынсыз медициналық деректер негізінде ғана сырттай тексеру жүргізеді. Жоба қазір Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылды. Ал, ел бойынша 2019 жылы толық енгізілетін болады." - деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұдан басқа, 2018 жылдың соңына дейін мүгедектікке қатысты сегіз қызмет проактивті форматқа көшіріледі. Әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілерге бірыңғай цифрлық платформаға тікелей әсер етуге мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру жұмысы басталды. Әлеуметтік қызметкерлердің жеткіліксіз біліктілік мәселесін шешу үшін ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен әлеуметтік жұмыс жөніндегі ұлттық ресурстық орталық құрылды.

Ведомства басшысы биылғы жылы Қазақстан Республикасында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы аяқталғанына да тоқталды.

"Министрлік мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеуді ұсынады. Осы мақсатта мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен кеңестерінің, Қазақстан Республикасы парламент депутаттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері құрамына кіретін даму жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады" - деп атап өтті ведомства басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу